Еліміздің барлық шекарасында бақылау күшейтілді

018a2650fd7797268cd407199083b9af.jpeg

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі барлық шекарадағы өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық  бақылауды күшейтті.

Министрі Елжан Біртановтың бұйрығына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің шекарасында азаматтардың қозғалысы қатаң қадағаланады.

Атап айтқанда халықаралық әуежайлар мен теміржол, автомобиль және теңіз шекаралары жіті назарда. Енді коронавирус анықталған елдерден ұшып келген ұшақтың жолаушылары күдікке ілінсе, әуе кемесі санитарлық тұраққа қойылып, Сан-эпидемия станция қызметкерлері науқастардың жағдайын бағалайды.

Сонымен қатар, министр аталған вирусқа қатысты экспресс тест әлем бойынша әлі табылмағанын айтты.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке