Психикалық аурулардың басты себептері

Znalezione obrazy dla zapytania психикалық ауру

Психиатрия (психе — жан, иатреиа — емдеу) — психикалық аурулардың көріністерін, этиологиясы мен патогенезін қарастыратын ғылым. Сонымен бірге бұған аурулардың алдын алу, емдеу мен жәрдемді ұйымдастыру да енеді. Психиатрияның дамуы тарихи жағынан былай қалыптасты: оны зерттеу саласы психоздармен шектелген жоқ, сондай-ақ ол невроздарды да, бұған қосымша соматикалық аурулар кезінде басталатын психикалық өзгерістерді де қамтиды.

Психиатрия медицинаның — медицина пәнінің бір бө-лігіне жатады. Өз ішінен ол бірнеше салаға бөлінеді. Олар мыналар:

Жалпы психиатрия (жалпы психопатология) көптеген психикалық аурулар үшін негізгі де, ортақ пси-хикалық қызметтің бұзылуларының көріну және даму заңдылықтарын, этиология мен патогенездің жа.лпы мә-селелерін, өзгеше психопатологиялық процестер табиға-тын, олардың себептерін проблемаларын, зерттеу әдістерін, сондай-ақ жекелеген психикалық ауруларды да қарастыратын жеке психиатрияны да зерттейді. Психиатрияның дамуы мен қызмет аясының кеңеюі нәтижесінде оның жекелеген салалары (мамандықтары) пайда болды. Айталық, балалардың психикалық ауруларын зерттейтін балалар психиатриясы; армияда пайда болатын психикалық аурулардың ерекшеліктерін, олардың алдын алу мен емдеуді, сондай-ақ әскери психиатриялық экс-пертиза мәселелерін зерттейтін әскери психиатрия; соттық психиатриялық экспертиза проблемаларын, цсихикалық аурулардың хұқықтық жағдайын зерттейтін соттық психиатрия; психикалық аурулар кезіндегі еңбек қабілеті мәселелерімен, еңбек өтемі   проблемаларымен, мүгедектерді еңбек етуге орналастырумен айналысатын психиатриялық еңбек экспертизасы; психикалық аурулар мен психиатриялық көмек әдістері мен формаларын жасайтын ұйымдық психиатрия; психикалық аурулардың халық арасына.таралуын және бұған ықпал ететін себептерді, олардың барысы мен ақырғы нәтижелерін зерттейтін психикалық аурулар эпидемиологиясы, халықтың психикалық денсаулығын нығайту және психикалық аурулардың алдын алу мәселелерімен айналысатын психо-гигиена, сонымен бірге психиатрияның арнайы белімдері төмендегідей аталады. Олар: патофизиология, биохимия, биофизика, иммунологня, электрофизиология, патологиялық анатомия мен психикалық аурулар гистопатологиясы, психофармакология.

Психиатрия дербес клиникалық пән болғанымен, медицинаның басқа салаларымен тығыз байланыста болады. Өйткені аурудың кез келген түрінде, бүкіл ағза азап шегетіндіктен белгілі бір дәрежеде психика да зақымға ұшырайды. Осыған орай кез келген ауруды қарастыру барысында науқас адамның хал-жағдайының ерекшелігіне байланысты әрбір дәрігер өз мамандығына қатысты болмаса да аурудың психикалық күйін, атап айтқанда, санасын, көңіл күйін, мінез-құлқын, бойындағы ауруға көзқарасын зерттейді. Кез келген емдеу әдісі хирургиялық жолмен араласуды қоса алғанда психикаға әсер ететін ықпалмен тығыз байланысты. Мұның бәрімен кез келген мамандықтық дәрігері есептеспей тұра алмайды. Осыған орай, психикалық жағынан ауытқу мен оған әсер ететін ықпалдарды зерттеу психиатрия білімдерімен таныс болған жағдайда ғана іске асады. Аурудың психикалық жай-күйін түсінбейтін дәрігердің оған әсер ету ықпалдары осы   себептерден де жеміссіз   болады деп нық айта аламыз.

Аурумен істес болатын күнделікті жағдайларда психикалық аурулар туралы алғашқы таным немесе бұл жайындағы алғашқы күдік ең алдымен психиатрда емес, басқа мамандық дәрігерлерінде, көп жағдайда емдеуші дәрігерде байқалады. Мұның себебі түсінікті де, өйткені ауру адам. (емдеушіге ауруының қатысты болмаса да) өз кеселінің жай-жапсарын ең алдымен соған айтьш отырады. Мұның өзі психикалық ауруға алғаш рет диагноз қоюшы ретінде емдеуші дәрігерге көп жауапкершілік жүктейді. Аурудың бұдан арғы тағдыры да көп жағдайда осы диагнозға   байланысты   болып келеді. Ал ерте диагнозды дұрыс қою психиатриядан жүйелі білім болғанда ғана жүзеге асады.

Психиатр дәрігерлер психикалық ауруларды зерттеу мен емдеу кезінде басқа мамандық дәрігерлер көмегіне үнемі сүйеніп отырады. Соматикалық ауытқулардың барлығын мұқият зерттемеген жағдайда психикалық ауру-ларды, аурудың пайда болу ерекшеліктерін жеткілікті түрде ұғыну мүмкін бола бермейді.

Психикалық аурулар. Психикалық аурулар ұғымын анықтау психиатрияның даму дәрежесіне орай үнемі өзгеріске ұшырауда.Психикалық аурулардың баламасы ретінде психоздар деген сөз де алынады. Бұл сездің тү-сінігінде қызметі төмендегідей өзгеріске ұшырайды: психикалық реакция ақиқат қарым-қатынастарға шұғыл, дөрекі қарама-қайшы келеді, мұның өзі ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуынан және мінез-құлықтың өзгеріске ұшырауынан байқалады. Психоз кезінде психикалық қызмет сыртқы дүниемен қатыста өзгеріске ұшырайды, осының әсерінен ішкі жағдайлар, өзгереді — мидың рефлекстік қызметі бұзылады немесе ми қызметі әлсірейді, бұрмаланады, тіпті толық істен шығады. Соның салдарынан көңіл күй, уайымдау, шешім қабылдау іштей болады. Ал дені сау адамда шешім қабылдау, пайымдау, сезім (meentis alienatio — ақылсыз, жынды) сыртқы әсерлер себебінен туып, ақиқат дүниемен үйлесімді байланыста болып келеді.

Мидың патологиялық жай-күйі психиканың жеңіл, болмашы өзгерістеріне де әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда ақиқат дүниені бейнелеу бұзылмайды да, мінез-құлық та елеулі өзгеріске ұшырай қоймайды. Мұндай психикалық ауруларға невроз, психопатия (психикалық дисгармония) жатады. Психоздар мен басқа да психикалық аурулардың арасындағы айырмашылықты белгілеудің теориялық жағынан ғана емес, практикалық жағынан да маңызы бар. Психоз басталғанда аурудың қабілетсіздігі байқалады. Қоғамға қауіпті әрекет жасағанда ондай ауруға сот жауапкершілік жүктемейді, медициналық шаралармен қорғауды қажет етеді. Сонымен бірге мұндай аурулар мемлекеттік және қоғамдық органдарға сайлауға қатыспайды, өздері де сайлана алмайды. Алайда мұндай айырмашылық үнемі бола бермейді. Көптеген психоздардың дамуының алғашқы кезеңінде олардың барысы қолайлы өткен кезде немесе ремиссия уақытында ақиқат   дүниені бейнелеудің   бұзылуы бола бермейді, сана-сезім мен мінез-құлық   елеулі дәрежеде бұзылмайды.

Ақиқат дүниені бейнелеу әр түрлі психикалық аурулар кезінде әр қилы дәрежеде зақымданады. Кейбір аурулар кезінде сезімдік таным, яғни заттар мен құбылыстарды тікелей бейнелеу елеулі түрде өзгермейді. Керісінше, ойлаудың неғұрлым күрделі формалары — абстрактілі, логикалық таным, заттар мен құбылыстардың ішкі байланыстарын бейнелеу бұзылады. Басқа аурулар кезінде сезімдік танымның жоғарғы да, бастапқы да формалары бұзылады. Айталық, параноя деп аталатын психозда сезімдік таным аз бұзылады. Ауру адамдар затты, құбылысты дұрыс қабылдайды, қоршаған жағдайға дұрыс бағдар жасап, өздерін күнделікті өмірде дұрыс алып жүреді. Алайда, оларда құбылыстар мен заттар арасындағы ішкі, неғұрлым терең қарым-қатынастардың бейнеленуі бұрмаланған болып келеді. Аурулар физиканың қалыптасқан заңдылықтарына қарамастан, ғылыми деректерді бұрмалап, мәңгілік двигатель ойлап шығарады, бүкіл әлемдік тартылыстын жаңа заңын аштық- деп дәлелдейді, т. б. Сананың тұмандануы қоса қабат жүретін психикалық аурулар кезінде ақиқат дүниені ұтымды әрі сезімдік бейнелеу бірыңғай дәрежеде бұзылады. Санасы тұманданған кезде аурулар маңайындағы адамдардың бет келбетін танымайды, заттарды бұрмалап қабылдайды, олардың ойлауы байланыссыз, мінез-құлықтары ретсіз, бейберекет мазасыз қимылға бейім келеді.

Танымдық қызметтің бұзылуындағы мұндай айырмашылықтарды бүтіндей бір оқшау өзгеріс ретінде түсінуге болмайды. Бұл жерде әңгіме танымның белгілі бір дәрежеде, елеулі түрде зақымдануы туралы болып отыр. Танымның белгілі бір түрі зақымданған кез-келген жағдайда оның басқа түрі де белгілі дәрежеде зақымдалады.

Психикалық аурулар көрінісі психикалық процестердің әр алуан өзгеріске ұшырауынан байқалады. Бұл жағдайларда нақты қабылдау бұзылады, ой ағымы өзгереді, пайымдау бұрмаланады, ес әлсірейді, объективтік сылтаусыз-ақ көңіл-күй езгереді, дәлелденбеген іс-қылықтар жасалып, сана тұмандана түседі.

Ауру психикалық кызметті өзгертеді, ал кейде әлсіретіп, тіпті мүлде жоқ қылып та жібереді. Сондықтан да психикалық ауруларды жеке адамының аурулары ретінде айтамыз. Мұның себебі, еңбек процесі мен қоғамдық өмірде пайда болған адам психикасы — мидың айрықша қызметінің, оның өмірлік қызметінің нәтижесі болып саналады. Мұның бәрі мидан тыс өмір сүре алмайды. Ми-психикалық қызметтің органы, сыртқы дүние — оның қайнар көзі. Мидың рефлекстік қызметі сонымен бірге, бұл — нервтің де, психиканың да қызметі, сол сияқты бейнелеу де мидың қызметі. Психикалық қызмет (түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау) рефлекстік қызмет процесінде пайда болады, оның барысында өзіндік сапалық өзгешеліктері бар психикалық құбылыстардың пайда болуы заңды жүріп жатады. Психикалық кызметтің рефлектік табиғатына сәйкес психикалық аурудың кез кел-ген көрінісі ол қаншалықты күрделі болғанымен, жоғарғы нерв қызметі бұзылуының нәтижесінде пайда болады.              

Психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметінің бұзылуы — негізгі ми процестеріндегі әр алуан зақымданудың ара салмақтарына — қозу мен тежелуге, бірінші және екінші сигнальдық жүйелердің, ми қыртысы мен қыртыс астының өзара қарым-қатынасына, мидың жүйелі қызметінің зақымдалуына байланысты..

Қазіргі кезде әр түрлі психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметі кеселденуінің ерекшеліктері өте шектеулі мөлшерде, кейбір жағдайларда жалпылама белгілері тұрғысынан ғана зерттелген. Кейбір психикалық бұзылулар жануарлардың белгілі бір түрлерінің жоғарғы нерв қызметін кеселге шалдықтыру арқылы бірнеше мәрте тәжірибе жасау арқылы алынды. Көп жағдайда мұндай бұзылулар жоғарғы нерв қызметі кеселінің сипатын білуге сүйенген арнайы емдеу әдістерінің нәтижесіне негізделіп, таралып отырылды. Зерттеудің мұндай түрі жекелеген психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметі кеселдерінің кейбір ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Алайда зерттеудің бұл әдісін барлық психикалық ауруларға қолдану мүмкін емес. Жануарларға жоғары нерв қызметінің ең бір қарапайым бұзылулары ғана байқау түрінде ғана жүргізіледі. Мұндағы патофизиологиялық заңдылықтар адамға шартты түрде ғана қолданылады. Көптеген психикалық ауруларда жоғарғы нерв қызметі бұзылуының ерекшеліктері әлі де нақты зерттелген жоқ. Өйткені мұндағы міндет күрделі әрі аса көп, қиын еңбекті талап ететін зерттеулерді қажет етуде.

Психикалық аурулар кезіндегі патология ми қызметімен шектелмейді, ол бүкіл ағза қызметінің бұзылуынан байқалады. Психикалық аурулар — көбіне ми зақымға ұшырайтын бүкіл ағзаның аурулары. Ми алғаш рет зақымға ұшырағанда (мысалы, жарақаттанғанда) оның қызметі ғана емес, сондай-ақ көптеген жүйелер мен мүшелердің қызметі де бұзылады. Әр түрлі жалпы аурулар да мидың екінші рет зақымдануын туғызады (мысалы, улану нәтижесінде).

Осы айтылғандарға сәйкес психикалық аурулар патогенезін зерттеу жоғарғы нерв қызметі бұзылуларының ерекшеліктерін белгілеуді ғана қамтымайды, сондай-ақ төменгі нерв қызметін зерттеуге, оның бұзылуының жоғарғы нерв жүйесімен өзара байланысына да негізделеді. Сол сияқты бұл мәселеге биохимиялық, биофизикалық және морфологиялық зерттеулер де енеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке