Бүгін
Арыс қаласында, Созақ ауданына бекітілген 6 секторда тазалық жұмыстары
жүргізілді. Тазалық жұмысының басы қасында Созақ ауданының әкімі Салыхан
Полатов пен аудан әкімінің орынбасары Бекзат Тайұлы бірге жүріп,
тазалық жұмыстарын үйлестірумен ғана шетеліп қалмай өздері де көппен
бірге ат салысты. Сонымен қатар, Созақ ауданынан келген ерікті азаматтар
15 көшенің бойындағы қоқыстарды тазалап, жергілікті тұрғындардың
алғысын алды. Тазалық жұмысына 1 «Зил» автокөлгі, 1 «КаМАЗ» техникасымен
теріскейлік 30 ерікті азамат жұмылдырылды. Жалпы, жұмыс барысында 67
тонна күл қоқыс шығарды.
– Шалғай жерден келіп, қаланың тазалық
жұмыстарына атсалысқан созақтық азаматтарға алғысымды айтамын. Екі айдан
бері, халықтың құжаттарын қабылдап, ас суларын таратып, бар көмектерін
берді. Кішіпейіл, көппен тіл табысып жұмыс істеген аудан әкімдігінің
қызметкері Мади Жабағиев балама шексіз ризамын, – деген Арыс қаласының
тұрғыны, көп балалы ана Рахима Көшенова жүрекжарды тілегін білдірді.
Әкім бастаған Созақ еріктілері Арысты тазартты
Жарнама орны (6) |