Балаларды ағарғанмен қамтитын кәсіпкер


Бүгінде Бәйдібек ауданындағы қай елді мекенге барсаңыз да көркі кіріп, елдің әлеуметтік ахуалының жақсарып қалғанын байқауға болады. Ал, ауыл-аймақтың өркендеуіне, ондағы тұрғындар санын көбейту мақсатында атқарылар шаруа аз емес. Соның ең негізгілерінің бірі – жергілікті тұрғындарды кәсіпке баулу.


– Соңғы жылдары жеке кәсібін ашып, өзіне өзі жұмыс істеуді қалайтын азаматтардың қатары артқаны байқалады. Халық кәсіп ашуды ойлайды, бірақ біліктілік пен қалтаның жұқалығы да көздеген мақсатыңызға жетуге кей кездері кедергі келтіріп жатады. Сондықтан ең алдымен жеке кәсіп ашу үшін жан-жақты саралап алған жөн, – дейді Алғабас ауыл округіне қарасты Шақпақ ауылының тұрғыны, кәсіпкер Құттыбек Сейтімбетов.

Құттыбек «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының «Бастау-Бизнес» қысқа мерзімді оқу курсын оқып, жеңілдетілген несие алуға мүмкіншілік алған. 2013 жылы «Құттыбек» шаруа қожалығын құрып, мүйізді ірі қараның басын көбейту мен асылдандыру бағытында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан төмен пайызбен несие алып, жеке шаруасын бастаған. Қожалық иесінің мамандығы мал дәрігері болғандықтан, шаруашылықта қолдан ұрықтандыру жұмысы тиімді қолға алынған.

Бүгінде осылай істің көзін тауып, төл басын көбейте білген азаматтың шаруа қожалығы өнімдерін тұтынушылар көбейген. Сүт өнімдері ауданның өзінде сұранысқа ие. Ауылдағы балабақшамен де келісімшартқа тұрып, ондағы тәрбиеленуші бүлдіршіндерді ағарғанмен қамтамасыз етеді. Нәтижесінде кәсібі өрге басқан Құттымұрат шаруа қожалығын кеңейтуде. Дәл осылай іске ебі бар азаматтар ізденіп, мемлекеттің қолдауын мақсатты әрі тиімді пайдаланып, жеке кәсіптерін ашар болса, дамыта түссе, ауылдың берекесі бұдан да артатыны сөзсіз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке