«Нұр-Мұқасан», «Музарт», «Ninety one» топтарын не байланыстырады?

a28357e0-fe5d-4148-beff-24d896ce96c1.jpg

Белгілі масс медиа зерттеушісінің мәлімдеуінше, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Қазақ музыка тарихында елді дүрліктірген үш топ бар. Алғашқысы, «Нұр-Мұқасан» тобы 90-жылдары күллі ел қалаға көшіп жатқанда олар ауылға деген сағынышты жырлады. Одан кейін «Музарт» тобы 2000-жылдары халықтың жағдайы жақсарып, тәуелсіздік алғанын сезіне бастағанда «Өз елім» деп ұрандата ән шырқаған жігіттер. Үшіншісі, Zet ұрпақтың тілінде ән шығарған «91» тобы, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

«Ninety one» тобы аз уақыт ішінде, санаулы өлеңдерімен халықты жаулап алды. Белігілі вайнерлер де бұрыңғы әндерге қарағанда іш пыстырмайтын туынды деп баға берген. «Тіпті тығылып тыңдайды мені сенің әжең де» деген өлең жолдарына назар аударсақ, расымен де бұл топты еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін тыңдай береді. Осы жөнінде «Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев та айтып өткен еді.

«Танымалдылық жағынан айтатын болсақ, келісемін. Ол кәдімгі резонанс, туынды. Және жұрттың назарын аудара алды. Тыңдамайтын адам кемде-кем деп айтсақ болады. Тіпті кемпір-шалдарға дейін танып кетті. Ал сапа жағынан жақсы жұмыс жасаған топтардың санатына «Орда» тобын, «Жігітер» квартетін, «Ұлытауды» айтқан болар едім. Жалғыз сіз айтып жатқан үш топ емес», - деді Сәкен Майғазиев Ел аузында бағдарламасында берген сұхбатында.

Аталған үш топ та халықтың көңілінен шығып, аз уақыт ішінде танымал болып үлгергендер. Одан бөлек қазақ музыка тарихында аты аталмай жүрген біршама топтар бар.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке