Арыстықтарға 100 мың теңге беру басталды


 5d5692d5a364c.jpeg

16 тамыздан бастап  әскери оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстан зардап шеккен арыстықтар 100 мың теңге өтемақы алуды бастады.

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындар мемлекет тарапынан және қор арқылы жиналған қаражатты жәрдемақы түрінде ала бастады. 100 мың теңге өтемақыны 58 мың тұрғын алады. Олар өздеріне тиесілі қаражатты "Халық банктің" банкоматтары арқылы алып жатыр.

Қазіргі таңда Арыс қаласындағы Орталық стадион жанындағы спорт мектебінде 8 банкомат орнатылған. Бұдан бөлек, қалада 10 банкомат бар. Қорға жиналған 5,8 млрд теңгенің 1,8 млрд теңге сомасын қазақстандықтар өз күштерімен жинаған болатын. Одан бөлек, 1 млрд теңге Түркістан облысы әкімдігінің бюджетінен және 3 млрд теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлініп отыр.

Айта кетері, Арыс қаласында жалпы үйлер саны 8 637, оның ішінде 7 166 тұрғын үй жөндеуді қажет етті. Қазіргі кезде жұмыстардың 97,4% аяқталды. 433 тұрғын үй қайта салынуда. Нысандарда 163 құрылыс компаниясы, 6 мыңнан аса жұмысшы мен 286 бірлік құрылыс техникасы тартылған.

 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке