Жастар кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруде


 68542909_508148933272187_1912981727878316032_n.jpg

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев кезекті Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын.
Осы бағытта жастарды жан-жақты қолдау мақсатында Түлкібас ауданында ауқымды жұмыстар іске асуда. Солардың бірі аудан жастарына жеке кәсібін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамту мақсатында биылғы жылы аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен 100 жасқа кәсіпкерліктің негіздерін оқытып, осылайша өз кәсіптерін ашуға ықпал жасалынуда. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда 52 аудан жасы оқуларын аяқтаса, 48 жас оқуда. Барлығы толығымен оқуын аяқтап қолдарына оқуды аяқтағаны жөнінде сертификаттарын алған жағдайда, мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан 500 мың теңгелік қайтарымсыз гранттарға қатысып, қол жеткізе алады.

Елбасы биыл қаңтарда «Жастар жылының» ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде:

-Халқымыздың «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген нақыл сөзі бекер айтылмаған. Біздің жастарымыздың бойында мұндай қасиеттер бар. Бизнеспен айналысамын деушілерге жол ашу аса маңызды.  Шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу қажет.  Бұл жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын 100 мыңға дейін жеткізген жөн.  Соңғы екі жылда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау» жобасы бойынша ауылдар мен шағын қалалардың 43 мың тұрғынын оқытып шығарды. Нәтижесінде 11 мыңнан астам бизнес жобалар іске қосылып, 16 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Осыған байланысты жоба аясында жұмыс істеп жатқан адамдардың 95 проценті бюджетке салық төлеуде. Сондай-ақ, Үкіметке «Бизнес-2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есе арттыруды тапсырамын,-деген болатын.    

 

 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке