«Яссы несие» жаңа ғимарат салып жатыр

67743637_2145864362380531_5354719835991310336_n.jpg

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында 6 қабатты аграрлы несие корпорациясының ғимараты салынып, аяқталуға шақ тұр. Ғимараттың құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталып, 2019 жылдың қыркүйек айында аяқталуы қажет.  Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аграрлы несие корпорациясының ішіндегі «Яссы несие» серіктестігі ауылшаруашылық саласындағы шаруаларға жұмысын кеңейтуге, не жаңадан бастауға несие береді. Жаңа ғимарат үлкен қалалардың өзінде кездесе бермейтін жаңа заманауй үлгіде салынып жатыр. Алдағы уақытта жұмыс көлемін ұлғайтып, Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдардың тұрғындарына шаруаларына қолдаулар жасамақ ниетте. Кәзіргі таңның өзінде ауылда «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асып, 10-ға жуық шаруақожалығы өз жұмысын жүргізуде. Бұл бағдарламаның ерекшелігі тұқымы басқа мал әкеліп, оның басын көбейтуге 14 пайызбен несие берсе, соның 4 пайызын шаруақожалығы төлесе, 10 пайызын мемлекет тарапынан көмек ретінде субсидияланады. Бүгінде жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына 40-қа жуық адам тартылған. Аталмыш ғимаратта «Яссы несие» серіктестігі, Халыққа қызмет көрсету орталығы және балаларға арналған оқу орталығы жұмыс атқаратын болады. Оның ішінде 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылады деген жоспарлары бар. Жаңа ғимарат ағымдағы жылдың 6-шы қыркүйегінде ашылу салтанаты жоспарлануда.

 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке