Тұрғындар тегін кеңес алды

Screenshot_2.jpg

Елімізде «Денсаулық жолы» атты ұлттық бағдарлама қолға алынғаны белгілі. Бағдарламаның мақсаты – құрамында тұз, қант, әртүрлі майлар бар азық-түліктерді тұтынуды шектеу немесе бас тарту туралы ақпараттандыру. Осы арқылы халық денсаулығын сақтау. Яғни халыққа саламатты өмір салты негіздерін үйретуді одан әрі жалғастыру. Республикада  басталған «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасына Түркістан өңірі де қосылды.

     Жақында  Облыстық Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының  басшысы Мұкан Егізбаев және Туркістан облысы салауатты өмір салтын қалыптастыру басқармасының ұйымдастыруымен "Денсаулық жолы" акциясы ауқымды іс шарасы Отырар аудандық Орталық ауруханасына қарасты Балтакөл ауылдық емханасында ашық есік өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында "Дұрыс тамақтану", ауыл түрғындарына түсініктеме "Күнделікті астан тұзды майлы тағамдарды шектеу", әңгімелесу болса, жас аналарға 6 айдан бастап нәрестелерге қосымша тамақты қалай беру бойынша мастер класстар , "қант диабеті скрининг бойынша қан құрамындағы қант деңгейін анықтау", бойынша "Дене белсенділігін арттыру мақсатында жаттығу флешмобты түрде емхана ұжымдары ұйымдастырған іс шаралары өтті. Халықты салауатты өмір салтын сақтауға үйрету,Облыстық клиникалық ауруханасынан және Түркістан қалалық емханасы,Отырар аудандық ауруханасынан бейінді мамандар: офтальмолог, эндокринолог, онколог, педиатр, терапевт, әлеуметтік қызметкер, ДНО мамандарының қабылдауынан ауыл тұрғындары өтіп арнайы кеңес алып "Адамзаттың дертіне дауа , жанына шипа бола білген ақ халатты жандарға рахметін айтты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке