Жаңа автобекет ашылды


автобекет.jpg

Мақтаарал облыстағы халқы тығыз әрі көп орналасқан аудандардың бірі. Мұнда жолаушылардың қарқыны да көп. Жақында ауданда жолаушыларға өте ыңғайлы, заманауи, жаңа автобекет ашылды. «Мырзакент» автобекетінің құрылыс жұмыстарына 50 миллион теңге қаржы жұмсалған.  

  Нысанның ашылу салтанатына  аудан әкімі Бақыт Асанов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев қатысып, тұрғындарды құттықтады. 

Автобекетте көрсетілетін қызмет түрлері сан алуан. Атап айтқанда, жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ету, жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету, азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету және 6 бағытқа (Мырзакент-Нұрсұлтан, Мырзакент-Алматы, Мырзакент-Шымкент, Мырзакент-Түркістан, Мырзакент-Жетісай, Мырзакент-Атакент) қатынауға толықтай мүмкіндік қарастырылған.

Жаңа нысанда билет кассасы, күту залы, дәмхана, сұлулық салоны және де жүргізушілерге арналған демалу орны мен медициналық кабинеттер бар. Сондай-ақ, ана мен балаға арналған бөлменің сән-салтанатына ерекше назар аударылған.

Айта кетейік, автобекет тұрағына бір мезгілде 4 автобус, 20 жеңіл автокөлік орналаса алады. Күнделікті 1000-ға жуық жолаушыны түрлі бағытқа тасымалдауға мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар, заманауи автобекеттің арқасында 80 адам жұмыспен қамтылып отыр.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке