Темірден түрлі заттар жасайды

Screenshot_9.jpg

Түркістанда шеберлер көп. Олардың көпшілігі ағаштан түрлі заттар жасап, туристерге ұсынып жүр. Ал, Түркістандық Хуршид Абдурахманов темірден түрлі заттар жасап, көпшілікті таңқалдырып жүрген жан. Қалдағы тойханалар мен кафелерді, балабақшаларды және өзге де нысандарда тұрған түрлі бейнедегі темірден жасалған дүниелер Хуршадтың қолынан шыққан.

Темірден табыс тауып жүрген шебердің тың дүниелеріне деген бүгінде сұраныс жақсы. Суретке қарап, дизайнын құрастырып алады. Соодан компрессордың көмегімен дәнекерлеу құрылғысы мен болгарканы бабына келтіріп отырып, небір туындыларды толығымен жасап шығады. Тұтынушылардың қызығушылығы да жоғары.

Қазіргі кезде тапсырыс берушілер Қызылорда, Алматы, Шымкент қаласынан арнай хабарласып, дайын заттарын алып кетіп жатыр.

Шебер бетоннан да бұйым жасайды. Жан-жануарлардың, құстардың бейнелерін айнытпай келтіреді.

Өнімнің бағасы да көлеміне қарай көңілге қонымды.

Бүгінде Хуршаттың шеберханасында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ай-сайын жалақы алып, жұмыс істеуде. Жас шебер жұмысшылардың жалақылары өнімнен түсетін табыс көлеміне қарай белгіленген.

Хуршад алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді мақсат етіп отыр. Жас жеткіншектерді де темірден түрлі заттар жасауға үйретпек.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке