Есіңді алатын есірткі

Screenshot_25.jpg

Нашақорлық - бұл адам-зат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі айқын халықаралық сипатқа ие және бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды. Осы орайда былтыр Түркістан облысын заңсыз есірткі айналымына қатысты 163 қылмыс ашылып,  200-ден аса қылмыстық құқықбұзушылықты анықтады. Өңірде заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі заты тіркіленген екен. Мұның барлығы қоғамда әлі де есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту қажеттігін көрсетеді. 

Есірткі – бұл ми жасушаларының жұмысын өзгерте алатын химиялsқ зат, сол қасиетінің арқасында адам ағзасында жалған ләззат сезімі мен көтеріңкі көңіл-күй тудырады.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда жастар арасында нашақорлықтың тез өсуі байқалады. Жастардың арасындағы нашақорлықтың пайда болуының негізгі себебі нашаға деген «мода» және жастардың жаңа сезімді бастан кешуге деген талпынысы.

Жасөспірімдердің есірткіге үйірлігінің негізгі себебі олардың өздерін ешкімнен тәуелсіз сезінгілері келуінде.

Көптеген жасөспірімдер есірткіні достарынан ерекшеленбеу үшін немесе олардың алдында өз беделін көтеру үшін шеге бастайды. Жастар арасындағы нашақорлықтың өршуінің тағы бір себебіне жастардың өмірлік қиыншылықтарды жеңе алмауын жатқызуға болады. Есірткі уақытша психикалық қысымды төмендетеді, бірақ жастар оның адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы ойламайды. Олар нашақорлықтан кез келген уақытта еш қиындықсыз бас тарта алатындарына сенеді. Бірақ нашадан психикалық және физикалық тәуелділік пайда болғаннан кейін бұл шешім кейінге шегеріне береді.

 Сол себепті де, еліміздің барлық аймақтарында жылда 1 маусым мен 1 шілде  аралығында Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орай «Жақсы әдеттер марафоны» ұлттық бағдарламасының аясында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады. Ұлттық бағдарламасының басты мақсаты халықта денсаулық сақтайтын жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, психикаға белсенді әсер ететін заттарды (ПБЗ) тұтынудың алдын алу бойынша түрлі жастағы халықтың ақпарат алу деңгейін арттыру болып табылады.

   Әдетте, нашақорлыққа көбіне ақшасы бар, өзіне керекті нәрсенің бәріне қолы жеткен, ауқатты отбасылардың балалары үйір болады. Сондықтан, кейбір ата-ана өзінің көрмеген қызығын баласы көрсін деп айтқанын орындап, барлық жағдайын жасайды. Бұл да өз кезегінде баланың тиым көрмей өскендігінің әсері. Көп жағдайда баланы ортасы бұзады. Жасөспірім жасқа келгенде балалардың арықарай дұрыс немесе бұрыс жолға түсуі ортасындағы адамдарға байланысты. Уақытты бірге өткізетін достары болмаған соң, кейбіреулердің рухы әлсізденіп жаман қылықтарға барады. Немесе, ине салып, ұнтақ иіскеп үйренген жолдастары баланы осыған үйретуі мүмкін.     Сондықтан әрбір ата-ана перзенттерін назардан тыс қалдырмай, араласып жүрген ортасын қадағалаған дұрыс.                                                                    

Есірткі бизнесі, кез-келген ұйымдасқан қылмыс секілді шектеуі жоқ және ұлт талғамайды. Есірткі қолдануға әсіресе құмарлық  адам өмірі мен қоғам үшін шын мәнінде қауіп төндіреді. Сондықтан да осы халықаралық сипатқа ие болып  отырған нашақорлық  және есірткі бизнесіне қарсы күреc  толастамауы қажет.  



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке