Ғалымдар коронавирусқа шалдыққан науқастарда өлім қауіпін арттыратын препараттарды атады

Америкалық ғалымдар коронавирусқа шалдыққан науқастарда өлім қауіпін арттыратын препараттарды атады, - деп хабарлайды Stan.kz 

news_full1593705855b369eb85797217d2105e56fd47f6d0c5.jpg

Мамандардың пікірінше, ойық жара, гастрит және күйік ауруына көмектесетін танымал дәрілер коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастардың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, COVID-19 анықталған және мұндай препараттарды қабылдаған адамдар арасындағы өлім осындай препараттарды қолдамаған адамдарға қарағанда 2,3 есе оғары.

Сонымен қатар, мұндай емделушілерде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылу қауіпі 2,5 есе өскен.

Ресейлік гастроэнтерологтардың пікірінше, мұндай препараттарды қабылдау кезінде тұз қышқылының деңгейі төмендейді. Бұл өз кезегінде асқазанның кедергі функциясының төмендеуіне және ішек микробиотасының өзгеруіне әкеледі. Осылайша, вирустық бөлшектер шырышты қабықтар арқылы адам ағзасына белсенді еніп, ауруды күшейтеді. Сондықтан дәрігерлер ағзада инфекцияның дамуы кезінде аталған препараттарды қабылдаудан бас тартуды ұсынады.

Ғалымдар бұл 46 жағдайға негізделген COVID-19 науқастарында ӨЖЖ-ны қолдану қажеттілігін жоғарылататын және өлім-жітімді көбейтетін алғашқы хабар екенін атап өтті. Алайда, зерттеу әлі рецензиялау міндетті рәсімінен өтпеген және жарияланбағандықтан, оған клиникалық практикада сүйенуге болмайды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұрат Әйтенов: жобалардың саны емес, жұмыстың нәтижесі маңызды
  • Фестивальдер мәресіне жетті
  • Шымкентте жаңа оқу жылы Абай өлеңін оқумен басталды
  • Конституция күні қарсаңында тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
  • 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты