ОТЫРАР АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ЖАЙДАРМАН" ӘЗІЛКЕШТЕР САЙЫСЫ ӨТТІ

FB_IMG_1555231192244.jpg

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай, Отырар ауданында республикалық "Жайдарман" әзілкештер сайысы өтті.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және жастар жылына байланысты Отырар аудандық Жастар орталығы ұйымдастырған сайысқа еліміздің барлық облысынан әзілкештер қатысып, бабтардың бабы Арыстанбаб жатқан қасиетті жердің ұлылар ізін үзбей әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани дамуы жөнінде айта келе қоғамдағы жастардың орны, аудандағы жастарды қолдау жұмыстары жөнінде де астарлы әзіл аясында жеткізді.
Көңілді тапқырлар клубын Жайдарманның негізін қалаған Есен Елеукен жүргізді.
Сайыс соңында Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов қасиетті жерге ат шалдырып келген қонақтарды Жастар жылымен құттықтап, жастарға құтты қадам тілеп, сайыстың жүргізушісі Есен Елеукенге сый-сияпат табыс етті.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі бірінші  орын шымкенттік «Миллион» командасына бұйырса, екінші орынды Ақтөбе облысынан келген «Фемида» командасының қанжығасына байланды. Ал, үшінші орын Отырар ауданының «Шалқыған Шәуілдір» командасына бұйырды.
Сонымен қатар, "Жайдарман" әзілкештер сайысына келген барша қонақтар Арыстанбаб кесенесіне зиярат етіп, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейімен танысты.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұрат Әйтенов: жобалардың саны емес, жұмыстың нәтижесі маңызды
  • Фестивальдер мәресіне жетті
  • Шымкентте жаңа оқу жылы Абай өлеңін оқумен басталды
  • Конституция күні қарсаңында тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
  • 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты