Тәуелсіздік қарсаңында тындырымды іс молаймақ

Биыл Тәуелсіздікке 30 жыл толды. Осы орайда, Сайрам ауданында біршама іс-шаралар қолға алынуда. Сайрам ауданының идеология саласындағы ілгері дамуы туралы өткен бүгінгі брифингте аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Аскаров Бауыржан Өміртайұлы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тынымбаева Гульнара Тұңғышбайқызы және ішкі саясат бөлімінің басшысы Жақыпбеков Ақылбай Жүсіпбекұлы мәлім етті.

image.png

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және «Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында 6 ай көлемінде демеушілер есебінен 2 жаңа кітапхана және 1 ауылдық клуб ашылды. Жыл басынан облыстық 7 облыстық байқау өтті. Соның ішінде аудан өнерпаздары  төмендегідей жетістіктерге жетті. (бас жүлде -1,  1  -  ІІ орын,  2 - ІІІ орын, 3 – арнайы жүлде). Түркістан қаласында өткен  Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық», «Үлгілі» атақ беру   сынақ – байқауына  ауданымыздан 4 өнер ұжымы  ұсынылып, оның  2 –і   «Ақсу әуендері» ВИА, «Ақсу» ұлт аспапты фольклорлы ансамблі «Халықтық», 1- і  № 1  Сайрам балалар саз мектебінің «Ақ кербез» би ансамблі  «Үлгілі» атаққа  ие болды. Жалпы 4 ұжымның 3 –і  халықтық атаққа ие болды. Сайрам ауданындағы мәдениет ошақтарында 36 үйірме жұмыс жасайды, вокал, домбыра, би, көркем сүрет, көркем сөз өнері бағыттары бойынша 502 қатысушы бар. Барлық ауылдық округтеріндегі мәдени ошақтарында орнатылған радио/дыбыс күшейткіш құрылғылары арқылы мемлекеттік тілді құрметтеу, халыққа маңызы бар дүниелерді насихаттау мақсатында Қазақ радиосы мен Шалқар радиосы тұрақты түрде қосылды, -деп баяндады Гульнара Тұңғышбайқызы.

 «Adal kómek» жобасы аясында бүгінгі күнге дейін аудандық 14 бөлім басшысы мен 11 ауылдық округ әкімдері «Facebook» әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып карантин кезінде өз салаларына қатысты тың ақпараттар ұсынып, тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан қойылған 180-ге жуық сұрақтарға жауап берді.

Карантин талаптарын халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық «ELNUR TV» телеарнасында  31 ақпараттық (15 жаңалық, 5 бағдарлама, 11 хабарландыру) бейне сюжет, фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерінде 102 материал шығарылған.

Сондай-ақ Бибосынов Сакен наурыз-мамыр айында Германия мемлекетінде және Құтыбаев Абзал Түркия мемлекетінде өткен әлемдік турнирде жүлделі орындарда жеңімпаз атанды.

Ал 2021 жылдың І тоқсанының қортындысы бойынша облыстық чемпионаттар мен жарыстарда аудан спортшылары 6 алтын, 8 күміс және 22  қола медальға қол жеткізді.

Аудан көлемінде аудандық 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, 1 «Ақсу жекпе-жек» спорт клубы коммуналдық мемлекеттік меншікте және 4 мемлекеттік - жекешелік әріптестігі (ГЧП) бағытында балалар мен жасөспірімдер спорт клуб - мектептері жұмыстар жүргізуде. Аталған мекемелерде 18 спорт түрінен 11 ауыл округтерін қамтып, 311-оқу тобымен 5578 спортшылармен 180 жаттықтырушы жұмыс жасауда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады