Арыстық тұрғын қолғап өндірісін қолға алды

Мемлекеттік бағдарлама аясында білімін жетілдіріп, жаңа кәсіп ашуға бет тұрғандар арасында сүт өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы, ветеринария, косметология салалары, дәнекерлеу қызметі, электромонтер, автомеханик, тігін шеберханасы, ағаш ұстасы, наубайхана, ара өсіру, құс шаруашылығы салалары аса сұранысқа ие. Бизнеске бет бұрғандардың таңдауы осы салаларға түсуде.

image.png

Түркістан облысында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру барысы қарқынды жүзеге асуда.

Арыс қаласының тұрғыны Жадыра Дүйсехан күніне 1000 жұп қолғап тігеді. Мамандығы – инженер-конструктор. Жас кәсіпкер сұранысқа ие құрылыс қолғаптарын Қазақстанның бірнеше қалаларына жолдап жатыр. Шымкент, Алматы Атырау қалаларының құрылысшыларын қамтуға қауқарлы арыстық цех небәрі екі жыл бұрын ашылған. Шикізатты Ресейден тапсырыспен сатып алады.

Өндіріс иесі мемлекеттік бағдарлама аясында 505 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант жеңіп алған. Отбасымен 2 тігін станогын сатып алып, кәсібін бастаған. Былтыр «Бизнестің жол картасы 2021-2025» бағдарламасы шеңберінде инновациялық гранттың иегері атанып, 4,5 млн теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болған. Мемлекеттік көмектен кейін отбасылық бизнесін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік алады. Кәсібін дөңгелетіп, төрт адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды