Мемлекет басшысы өз жолдауында ауыл шаруашылығы саласына замауи технологияларды тарту керектігін айтқан болатын. Бүгінде бұл бағытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін құру» жобасы қарқынды жүзеге асуда.
Қазір 6 ауылдық округте 10 ауылшаруашылық өндіріс кооперативі құрылып, оған 1269 шаруа қожалығы тартылған. Сонымен қатар, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша Жаңбырлатып суару әдісі қолға алынған.
Атап айтсақ, «Түркістан Агро» ЖШС 1010 гектар жерге 1,8 млрд. теңгеге инвестиция тартып, 18 дана жаңбырлатып суару қондырғысы алынды. 2020 жылы бір алқаптан 2 өнім алынған. Ал, «Ынтымақ Агро XXI» ЖШС 620 гектар жерге 980 млн. теңгеге өзінің жеке ивестициясын тартып, 9 қондырғы алынды.
Бұл технология біріншіден суармалы су тапшылығын, екінші қол үшін үнемдеуге ықпал етеді. Кентау қаласы бойынша 43500 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егу жоспарланып, бүгінгі таңда 45698 гектар дақылдары егілген.
Сондай-ақ, ауыл округтерінде 2020 жылы бір алқаптан 2-3 өнім алудың ауылдық округтері бойынша іс-шара жоспары бекітілген. Аталған іс-шараға сәйкес, әрбір ауылдық округтен 10-15 жобадан 2-3 өнім алу көзделген.