Израиль елшісі «Арыстан баб» кесенесінде болды

Түркістан облысында іс-сапарда жүрген Израильдің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Лиат Вексельман жұмыс барысында Түркістан қаласындағы Майшай Әбенова атындағы орта мектепке барып, он ноутбук сыйға тартты.

image.png

Құрметті Елші қашықтықтан оқыту барысында аянбай жұмыс жасаған ұстаздарға ерекше алғысын білдірді.

Сондай-ақ, өңіріміздің киелі орындарына қызығушылық танытқан қадірлі мейман Отырар ауданындағы «Арыстан баб» кесенесінде де болды.

- «Тарихи маңызы бар ғимараттар мен қасиетті орындардың келбетін сақтап қалу – мемлекет үшін маңызды. Менің осы жолғы Қазақстанға сапарымның басты мақсаты – «Арыстан баб» кесенесінде болып, көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткішінің тарихқа толы кереметін тамашалау еді. Мен өте қуаныштымын. Қаланың тыныс тіршілігі, мәдениеті, тіпті ауа райы ерекше әсер қалдырғанын жасырмаймын», - деді Лиат Вексельман.

Сапардың екінші күні, елші Лиат Вексельман Төлеби ауданындағы №2 Төлеби балалар үйіне барды. Ондағы балалар үйіне арналған 70 гектар қияр алқабында болып, тамшылатып суару әдісіне арналған шараның ашылу салтанатына қатысып, лентасын қиды. Салтанатты шарадан соң, естелік кітабына тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды. Көпшілікпен естелік суретке түсті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды