Түркістанда көпфункционалды экобазар іске қосылады

Түркістан қаласында азық-түліктерді тауар өндірушілерден тікелей сөрелерге жеткізуге болатын экобазар іске қосылмақ. Экобазар – дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи сауда орталығының ерекшеліктерін біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары болады. Сондай-ақ, көпфункционалды сауда орнында балаларға арналған ойын-сауық орталығы, банктер, фуд-корттар, санитарлық қызмет орындары сынды тұрғындардың өмірі мен денсаулығына, еңбек етуіне қолайлы орындар салынады.

image.png

Көлемі 14 га жерге орналасқан сауда-саттық нысанында 3000-ға жуық сауда орындары болады. Оның ішінде 900 орын - азық-түлікке, 1500 орын - киім-кешекке, 500 орын - тұрмыстық тұтыну тауарларына арнайы жабдықталып, сонымен қатар, жиһаздарға 1000 шаршы метр орын дайындалады. Базарда кәсіпкерлердің шетелмен байланыс орнатуы үшін арнайы кеңсе ашылып, онда заңгерлер, аудиторлар, мамандар жұмыс атқаратын болады.

Заманауи базарда жазда салқын, қыста жылы температуралық режим қамтамасыз етіледі. Базардың төбесі жабық, жеңіл автокөліктер мен жүк автокөліктерінің еркін кіріп шығуына арналған жолдар ашылып, автотұрақтар ұйымдастырылады. Бұл диқандардың өздері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін жылдам өткізуге, азық-түліктің сапасын сақтауға, тасымалдау мәселесінде шығынды азайтуға өте қолайлы.

Базарда сауда орындарынан бөлек тоңазытқыш орнатылған 200 қойма орындары болады. Соның арқасында, күзде жинаған өнімді келесі маусымға дейін халыққа арзан бағамен сатуға мүмкіндік туады. Базарда халыққа тиімді бағада азық-түлік ұсынуды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне облыс әкімдігі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 2-3%-бен жеңілдетілген несие беріледі.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды