Ауыл әкімдерін сайлауға қатысты саясаттанушылар мен партия өкілдері пікірлерін білдірді

Ағымдағы жылдың 25 шілдесі күні Қазақстан бойынша ауыл әкімдерін сайлау өтеді. Мемлекет басшысының бастамасымен тұңғыш рет жүзеге асып отырған бұл сайлау науқаны қоғамда қызу талқыға түсіп, көпшіліктің оң пікірін қалыптастырып үлгерді. Ауыл әкімдерін сайлау науқанына белгіленген уақытқа дейін жеке азаматтар мен саяси партияларда өз үміткерлерін ұсына алады.

image.png

- Бұл жолғы сайлаудың басты артықшылығы – халықтың тікелей сайлау арқылы жұмыс атқаруға қабылеті толық жететін, өңірдің басты мәселелерін жетік білетін азаматтарды таңдау мүмкіндігіне ие болуы. Сонымен қатар, бұл сайлаудың әлемдік тәжірибеде бар және мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетін ұтымды механизм екені дәлелденген, - деді саясаттану ғылымдарының доценті, phd докторы Әмірбек Айдарбек.

Сондай-ақ, «Ақжол» демократиялық партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұржан Есенбеков, «Нұр-Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев, «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттар партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Оспанов Тұрғанбек ауыл әкімдерін сайлауға саяси партиялардың да үміткер ұсыну туралы бағыттары өзара бәсекелестікті арттырып, жұмыс сапасын арттыруға жол ашатындығын жеткізді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды