Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен алғаш рет мектеп оқушылары арасында ірі спорт бәсекесі қолға алынған болатын. Үш айға созылған байрақты бәсеке - «Шымкент жастар лигасы» ойыны өз мәресіне жетті. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнайы ұйымдастырылған жабылу рәсіміне қала әкімі қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.
Аталған сайыстың салтанатты жабылу рәсімі Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтті. Жоба мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру, бұқаралық спортты дамыту және ҚР чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында алғаш рет ұйымдастырылды. Оған 140 білім ұйымынан 536 команда жасақталып, 8 569 оқушы қатысқан. Спорттық футбол, волейбол, баскетбол, сонымен бірге интеллектуалдық шахмат ойындарынан өтті. Жеңімпаз командаға 20 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық, ал фан-клубтарына велосипедтер тарту етілді.
Жеңімпаз команданы құттықтаған қала әкімі Мұрат Әйтенов «Алдағы 5 жылда қаламызда үш ауысымды мектептер толық жойылып, жаңадан 100-ге жуық білім ошақтары бой көтереді, сонымен қоса барлық балалар алаңшалары жаңартылып, заманауи спорт алаңдары бой көтерді. Талантты да өнерлі жастарға барынша қолайлы жағдайлар жасайтын боламыз.Балаларымыздың жетістігі – біз үшін қашан да мақтаныш! Шымкент қаласының даңқты дәстүрін жалғай беріңдер. Жазғы демалыстарыңыз жақсы өтсін» - деп тілек білдірді шаһар басшысы Мұрат Әйтенов.
Аталған сайыс мектеп оқушыларына жеңіске деген жігер берді. Алдағы уақытта олар бос уақытын ұтымды пайдалану мақсатында спортпен шұғылдануды жоспарлап отыр. Бүгінгі бәсекеде жеңіске жеткен команда мүшелері ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Жеңімпаз атанған команда мүшелеріне 20 млн теңге сыйақы берілді. Бұл қаражат мектептің қажеттілігіне және материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалмақ.
«Шымкент жастар лигасы» Шахмат, Баскетбол, Волейбол,Фан-клуб, футбол сынды спорттың түрлерін қамтыды. Шахматтан І орын №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы,Баскетбодан І орын №8 М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-гимназиясы, Волейболдан І орын № 64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясы, Фан-клуб Бас жүлде № 65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп- гимназиясы .Футболдан І орын № 87 А.Назарбеков атындағы жалпы орта мектебі иеленіп 20 миллион теңге ұтып алды. Басқа да жеңімпаз командалар бағалы силықтармен марапатталды.