Шымкенттегі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен аталмыш оқу ордасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шымкент: мыңжылдықтар тарихы және қазіргі заман» атты рухани жаңғыру апталық форумының шеңберінде «Шымкент тарихы және ххі ғасырдағы даму көкжиегі» ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті.
Жиынға Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директоры А.Амангельдиева қатысып, «Тәуелсіздік жылдарындағы Шымкент қалалық архиві және ххі ғасырдағы даму жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада қалалық архивінің даму жолдары мен мен өзекті мәселелерін, Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» және «Архив-2025» бағдарламаларында көрсетілгендей, рухани жаңғыру тақырыбы – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық рухымызды, халқымыздың игі қасиеттерін болашақ ұрпаққа жеткізуге бағыттайтын тарихтың жаңа беттерін ашатын жоба екендігін, архивтің «Архив-2025» жобасын іске асыру мақсатындағы 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарын атап өтті.
Сондай-ақ конференцияға «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің» Басқарма Төрағасы – ректоры Дария Қожамжарова, өңіріміздегі университеттерінің тарих ғылымдарының докторлары, тарих ғылымдарының кандидаттары, Түркия университеті - Гази университетінің профессоры, шетел және жергілікті компанияларының басшылары, аға оқытушылар мен магистрлар қатысты. Жиынға қатысқандар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін аша түсіп, қала тарихы жайлы құнды мәліметтер айтты.