Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы құрылыс нысандарын аралады. Алдымен Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердегі жұмыс барысын бақылады. Одан кейін әкімшілік іскерлік орталықтағы 56 пәтерлі 9 қабатты үйдің құрылыс барысын тексерді. Сонымен қатар, Бадам өзенінің маңын абаттандыру жұмыстарынның барысымен танысты.
Арғынбеков көшесінің бойынан еңсе тіктеп жатқан тұрғын үйлер 9 қабаттан тұрады. Ондағы пәтерлердің жалпы аумағы 14 074 шаршы метрді құрайды. 1 бөлмелі пәтерлердің аумағы 45-49 ал, 2 бөлмелілер 62-66 шаршы метр. Ең үлкені 3 бөлмелі пәтерлер.Олардың, орташа көлемі 80 шаршы метр. Тұрғын үйлердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Сөйтіп баспаналар, «7-20-25» бағдарламасы арқылы үлестіріледі. Ал, құрылыс қарқына келер болсақ, талап қатал. Жұмысты мерзімінде аяқтау мен бірге сапалы етіп жүргізу керек. Мердігерлермен болған кездесуде қала әкімі осыны ескертті.
Ал, әкімшілік іскерлік орталықта салынып жатқан арендалық 336 пәтердің құрылыс осы жылы қыркүйек айында аяқталады. Айтып өтйік, мұнда 1 және екі бөлмелі пәтерлер саны 96. Одан бөлек 3 бөлмелі 144 баспана бар. Аталған үйлер пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арендалық негізде беріледі. Шаһар басшысы тиісті сала басшысына мердігер мекемелердің жұмысты сапалы орындауын бақылауды, кемшіліктер орын алса қайта қалыпқа келтірулерін тапсырды.
Бадам өзенін абаттандыру ісі қарқынды қазір. Аталған жұмыс бүгінде мұнай өңдеу зауытынан Забадам шағын ауданы аралығында жүргізіліп жатыр.Бірінші кезеңде 3 шақырым, екінші кезеңде 6,2 шақырым аумақ абаттандырылады. Өзен аумағына асфальт төселіп, су тасыған кезде бүлінген жерлер қайта қалпына келтіріледі. Одан әрі күтіп-баптауға қаржы бөлу мәселесі келер жылдың бюджеттік өтініміне мәслихат қарауына ұсынылатын болады.