«Түркістан - түркі әлемнің рухани астанасы»

7..jpg


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев онлайн форматтағы Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитін ашып берді.

«Осы кеңеске қатысып отырғаныма қуаныштымын. Негізі ел Президенті айтқандай, жиынды Түркістанда өткіземіз деп жоспарлағанбыз. Бірақ пандемияға байланысты көптеген халықаралық іс-шара онлайн форматқа көшіп жатыр. Біз де солай істеуге мәжбүр болып отырмыз. Саммит «Түркістан - түркі әлемнің рухани астанасы» тақырыбында өтуде. Өздеріңіз көргендей, біз бұл қалада 100-ден астам ғимарат салдық. Жақында құрылыстар аяқталады. Сіздер түркі елінің алтын бесігі - Түркістанның гүлденген бейнесін көретін боласыздар, - деді Назарбаев.

Елбасы түркі әлемінің өте маңызды көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи салған және біздің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Түркия елі біздің Тәуелсіздігімізді алғашқы болып растағанын да айта кетті.

 Тұңғыш Президент-Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне қатысушыларға үндеу жасады.

«Біз бастапқыда Түркістанда кездесу өткізуді жоспарладық. Бірақ пандемияға байланысты көптеген іс-шаралар енді онлайн өткізіледі. Құрметті қатысушылар, бүгінгі саммит үлкен өзгерістер кезеңінде өтуде. 2020 жылы басталған пандемия әлемді толығымен өзгертті. Бүгінгі таңда көптеген елдер қиындықтарды бастан кешуде, бірақ соған қарамастан біз адамгершілікті жоғалтпадық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыра береміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев саммитте.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды