Нұрсұлтан Назарбаев: Түркітілдес мемлекеттердің болашағы туралы құжат жасау қажет


7..jpg

Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінде Елбасы, Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев  түркі мемлекеттері үшін ең басты мақсат тұрақты даму екенін атап өтті.

«Біз ештеңеге қарамастан дамуымыз керек - бұл менің үндеуімнің басты қағидасы. Түркітілдес мемлекеттердің болашағы туралы құжат жасап, оны Түркиядағы саммитте қабылдау қажет. Бакуде өткен саммитте мен саммиттің құқықтық мәртебесін көтеру туралы ұсыныс айтқан болатынмын. Бұдан басқа, біз елдеріміз арасындағы сауданы дамыту және инвестициялар салу жөніндегі жұмысты жалғастырудамыз», - деп жалғастырды Н. Назарбаев.

Елбасы сондай-ақ, латын әліпбиі түркі әлемінің ортақ жүйесін қалыптастыратынын мәлім етті. 

«Біз мәдени-гуманитарлық дамумен бірге бір-бірімізден көп нәрсе үйрене аламыз. Латын әліпбиін қолдану ортақ жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Соның арқасында біз жастарды жаһандық деңгейде дамытуға мүмкіндік аламыз», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Н. Назарбаев корнавирус пандемиясының салдарына тоқталып, әлем елдері қиындықтарға тап болғанын атап өтті.

«Бұған дейін дағдарыстар болды. Алайда пандемияның салдары әлдеқайда қатты болып тұр», - деп атап көрсетті Назарбаев.

Саммит барысында Тұңғыш Президент өзін Түркі кеңесінің құрметті төрағасы ретінде сайлағаны үшін ұйымға мүше елдердің басшыларына алғысын айтты


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды