Газ мәселесі оң шешімін тапты

Screenshot_10.jpg

Жақында «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Арман Айдарұлы қоғамдық қабылдау өткізіді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, төрағаның бірінші орынбасары Е.Исақұлов және де бөлім басшылары қатысты. 

Сарапхана ауылының тұрғыны Ж.Тилемисов- Ж.Акишев көшесінің жолы және жарығы көңілінен шықпайтынын айтып шағымдануда. 2020 жылы аудан әкімшілігіне жазбаша шағымданған дегенмен жауап ала алмаған.

Нәтижесінде: Аталған көшеге «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілген. Алайда,  Тилемисов Жандос Нургалиевичтің көшесінің бойының біраз бөлігінде аяқ жол (тротуар) болған сондықтан, көшеге асфальт төсеу мүмкіншілігі болмағандығы түсіндірілді. Сонымен қатар аталған жоба бойынша көше жарығы қаралмағандығы анықталды.

Жігерген ауылынан келген көп балалы ана Л.Құлымбетова 2020 жылы 11 мамыр күні қатты жауын салдарынан болған сел апатынын зардап  шеккен отбасыға аудандық мәслихаттың VI шақырылым депутаты Сманов Сәкеннің тарапынан газ кіргізу бойынша  50% жеңілдікпен кіргізіп беруге уәде етілген.  Газ кіргізу жұмыстарына және де үйінің ремонтының бітіруге көмек берілуін өтінді.

Нәтижесінде: Газ кіргізуге қажетті құжаттарын аудандық КазТрансГаз бөліміне өткізу керектігі ескертіліп, құжаттарын өткізгенен соң газ кіретіндігі шешілді. Арман Айдарұлы сонымен қатар демеушілер есебінен көмек көрсету керектігін ауыл әкімне тапсырды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді