Лаңкестікке үндеймін деп тұтылған салафи ағымының жақтасы виртуалды конференц байланыс арқылы өткен.
Түркістан қалалық сотымен ҚР ҚК-нің 256 бабы 2 бөлімімен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына мүше болуға ашық шақырған Түркістан қаласының 39 жастағы тұрғыны арнайы жасақпен өткен жылдың қараша айында тұтқындалған болатын.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жиһадшы-салафит мешітте имамдармен салғыласып, жамағат арасында бірнеше мәрте бүлік салып құқық қорғау органдарының назарына іліккен.
Сондай-ақ, өзі әйелімен кәмелетке толмаған төрт баласын ұрып-соғып, «салафизмді» үйреткендігі анықталды.
Үйін сатуға қойып, Сирияға жиһадқа аттанбақ боп жүрген болатын. Алайда зорлық-зомбылықпен жәннатқа кіргісі кеп жүрген ол темір тордан бір-ақ шықты.