Гипертонияға жол бермеңіз!

4d7fbea5be7cae832b9b86559cf92456.jpg

Гипертония – артериялық қан қысымының көтерілуіне байланысты ауру. Қан қысымының деңгейі адам денсаулығының басты көрсеткіші. Ол жүрек, қан тамырларының, орталық жүйке жүйесінің, бүйректің жағдайына байланысты өзгеріп тұрады. 

Гипертония инфаркт, инсульт және бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы қатерін де арттырады. Қадағаламай жүре берсеңіз, ол соқырлыққа, аритмия және жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Диабет, жүрек-қан тамыры факторлары болған жағдайда асқынулар арта түседі.

Гипертония ауруы көп жағдайда қатты толқып, ашулану, қапалану, орталық жүйке жүйесі арылы қан қысымының көтерілуіне әкеп соғады. Ол адамның жай-күйіне байланысты 3 сатыға бөлінеді. 

I саты: артериялық қан қысымы сынап бағанасы бойынша 140/90 – 159/99 мм. Адамның ұйқысы бұзылып, шаршау, жүрек қағу, мазасыздық пайда болады. Бұл дұрыс демалып, тыныштандыратын дәрілерден кейін қалпына келеді. 

ІІ саты: артериялық қан қысымы 160/100 – 179/109 мм аралығында және бас ауру, жүрек айну, жүрек шаншу, бас айналуы мүмкін. Мазасыздық, шаршау, ұйқы бұзылу арта түседі. Бұл жағдайда жүрек, ми қан тамырларында өзгерістер пайда болады және қан қысымын төмендететін дәрілер қабылданған соң қалпына келгенімен тұрақты бір көрсеткіште тұрмайды.

ІІІ саты: артериялық қан қысымы 180/110 мм-дан бастап және одан жоғары көрсеткіште үнемі болатын жоғарғы қан қысымынан жүрек бұлшық еттері мен қан тамырлары қабырғаларында болған қауіпті өзгерістерге (атеросклероз) байланысты ауытқулар болуы мүмкін. 

Гипертония несімен қауіпті? Себебі, көптеген адамдар өз қан қысымының жоғары екенін білмей жүре береді. Сондықтан, бір ретте болса қан қысымы көтерілген болса, туыстарыңыздың қан қысымы жоғары болса, жасыңыз 35-тен асса және артық салмағыңыз болса, қант диабетімен ауырсаңыз, климакс уақыты болса, темекі шексеңіз, ішімдік пайдалансаңыз, нерв жүйесіне артық салмақ түссе және ішкі жай-күйіңізде жайсыздық туындаған кезде дәрігерге көрініп, қан қысымыңызды өлшетіңіз. Ауруды уақытында анықтау, дер кезінде емдеу аурудың асқынуынан сақтайды.

Гипертониядан адам бір жолата жазылып кете алмайды. Тек өмір сүру бағытын өзгерту және үнемі дәрігердің белгілеуі бойынша дәрі қабылдап отыру арқылы ғана қан қысымын бір қалыпты ұстауға, аурудың асқынуынан сақтануға болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ғаламат базар жобасы
  • Түркістан және туризм өзгерістер кезеңі
  • Түркістан және туризм өзгерістер кезеңі
  • Түркістанның инвестициялық мүмкіндіктері
  • «Дәмді Түркістан» фестивалі