Такси жүргізушісін ұрып-соққан күдікті ұсталды

010.jpg

Түркістан облысы әкімінің тұрғындардың құқықтары мен қауіпсіздігін басты назарда ұстау туралы тапсырмасын жүзеге асырып жүрген тәртіп сақшылары такси жүргізушісін ұрып-соққан бұзақыны ұстады.

Жетісай АПБ-не аудандық ауруханадан Келестік тұрғын дене жарақатымен көрінгені туралы хабарлама келіп түскен. Ақпарат алысымен полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізді.

Полицейлердің анықтауынша, жәбірленуші "Ауди" маркалы көлігімен ауыл арасында такси қызметін атқарып жүргенінде көлігіне отырған бейтаныс азаматты айтқан мекен-жайына әкелген. Алайда көліктен түсерінде күдікті себепсіз жүргізушіні ұрып-соғып, қашып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жетісай аудандық полицейлерінен осы іске байланысты арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, тәртіп сақшылары 2 күн бойы бұзақылық жасаған жас жігітті іздестіру жұмыстарын жүргізді. Соңында жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жас жігіт өзінің бұзақылық әрекетін толығымен мойындады. Бас шарасы "ешқайда кетпеу туралы міндеттеме". Қазіргі тағда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға барынша сақ болуды ескертеді. Егерде осындай бұзақылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, уақыт өткізбестен, тез арада полицияның "102" телефонына хабарласыңыздар.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады