Бұрын сотты болған күдікті тағы заң бұзып жауапкершілікке тартылды

09.jpg

Түркістан облысында түзеу мекемесінде жазаларын өтеп шыққан азаматтарды өмірге қайта бейімдеу шараларны қанша жүргізіліп жатқанымен қайта құқықбұзушылыққа баратындар әлі де кездесуде. Соның бірі – бұған дейін ұрлық жасап бірнеше рет сотты болған және қайтадан қылмыс жасаған күдіктіні Жетісай ауданының полицейлері жедел уәкілдердің көмегімен құрықтады. 

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз тұлғаның жекеменшік кеңсесінен ноутбугін жымқырып кеткенін жеткізген. Жәбірленушінің айтуынша 120 мың теңге көлемінде шығын келтірілген.

Жетісайлық сақшылар арызды СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен тіркеп, күдіктіні ұстаудың жедел шараларын іске асырды.

Біріншіден оқиға орын алған аймақ тыңғылықты тексерілсе, екіншіден бұрын соңды сотты болған қылмысқа қатысы болуы мүмкін азаматтар тексеріледі. Осылайша жедел түрде іске асырылған шаралардың нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азаматтың айтуымен ноутбукты сатып алған тұрғынның үйінен айғақты зат ретінде жәбірленушінің ұрланған бұйымы алынды. Күдікті кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында анықталғандай күдікті адам түнгі сағат 2-лер шамасында кеңседе ешкімнің жоқтығын пайдаланып, өз арам ойын іске асырған. Содан соң ол жерден бой тасалап, жымқырған затын басқа бір адамға небары 20 мың теңгеге сатып жіберген.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Досжан Бексейітұлының айтуынша, күдікті бұрын ұрлық пен тонау баптары бойынша бірнеше рет жауапкершілікке тартылған. Оның бүгінгі таңда тағы да осындай бірқатар ұрлық жайттарына қатысы болуы мүмкін. Сондықтан ер азамат қамауға алынып, тергеу амалдары өз деңгейінде жалғасуда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға кеңселер мен дүкендерге, сауда орындары мен жекеменшік иелігіндегі нысандарға сақтық үшін бейнекамера орнатып, темір торлармен жабдықтауға кеңес береді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады