"Жас кітапханашылар мектебі» маусымы басталды

14.jpg

Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Жас кітапханашылар мектебі» бағдарламасы аясында жаңадан жұмысқа орналасқан мамандарға арналған «Кәсіби шеберлікті дамыту» мектебінің оқу маусымы басталды. Үш күнге созылатын оқу барысында кітапханашыларға кітап қорының дұрыс орналасуы, есепке алу, каталогтармен жұмыс, оқырмандарға сапалы қызмет көрсету және рухани ордаға оқырман тартудың жолдары, өлкетану бағытындағы жұмыстар, анықтама – библиографиялық жұмысты ұйымдастыру, қазіргі талаптарға байланысты онлайн іс-шаралар және т.б. тақырыптар бойынша дәріс берілетін болады. 

«Білімдінің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!» - деп қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаев айтқандай, тек білімді, парасатты кітапханашы ғана оқырмандарға өз деңгейінде қызмет ететіні анық. 

 Кітапханашыға қойылатын талап жоғары. Кітапханашының міндеті-кітапхана жұмысын ұйымдастыру, өдебиеттерді насихаттау, оқырмандарға қызмет көрсету, оқырмандардың қызығушылығын қалыптастыру, сұранымын қанағаттандыру, оқуға басшылық жасау. Қоғамға жақсы танылған осындай қызметтерді атқара отырып, кітапханашы халыққа адамгершілік тәрбие берудің ұйымдастырушысы ретінде көрінеді. Мәдени ой-өрісінің кең болуы, мамандық білімінің тереңдігі, педагогикалық жұмыс әдістерін игеру - кітапханашыларға тән қасиет болуы қажет.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады