Өмірге құштар қайсар қыз

7.jpg

Бәйдібек аудандық жастар сарайында өмірге құштар қайсар қыз Алтынай Мұсабекованың өз қолымен моншақтан тоқылған қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қолөнер көрмесіне аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков қатысып, Алтынай Мұсабековаға ізгі тілегін білдіріп, алғыс хат табыс етті. Іс шарада аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, аудандық мәслихаттың депутаты Гүлдария Шардарбекова Алтынайға естелік сыйлық тарту етіп, бірқатар бұйымдарға тапсырыс берді.

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары көрермендерге арнап концерттік бағдарламасын ұсынды. Шара соңында Алтынай Мұсабекова өзінің қолымен жасалған қолөнер бұйымдарымен таныстырды. 

Жалпы қолөнершілік ұрпақтан ұрпақ мирас болып келе жатқан адам бойындағы өте сирек кездесетін қасиет. Мұндай қасиетті екінің біріне бұйыра бермейтін, табиғаттың ерекше сыйы деп айтуға да болады. Он саусағынан өнер тамған жандар Бәйдібек ауданында аз емес. Солардың жолын жалғаған Алтынай Мұсабекованың    өнеріне жиынға жиналған көпшілік те таңдай қағып, құрмет көрсетті. 

Сонымен бірге Алтынай Мұсабекова көрмені ұйымдастырған аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Асқар Кенехан мен ұжымына алғысын білдірді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды