Полицейлер - елдің қорғаны

24.jpg

23- Маусым Қазақстан Республикасының Полициясы күні. Осыған орай Түлкібс ауданының әкімі Нұрлан Байғұт тәртіп сақшыларын кәсіби меркесімен құттықтады. 

-Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Осыған орай кешегі жаугершілік заманда еліне пана болған жас жауынгерлер мен Ұлы Отан соғысында ерен ерліктің үлгісін көрсеткен батырларымыздың ізін жалғастырған, адам өмірінің тыныштығы мен амандығын сақтап, қоғам ішінде тәртіп пен тұрақтылықты орнатып, өзінің қызметтік борышын лайықты орындап келе жатқан полиция қызметкерлеріне мерекеге орай алғысымды білдіремін.

2007 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым Полиция күні болып ресми түрде бекітілді. Менің ойымша бұл мереке құқық қорғау органдарының қызметіне көрсетілген құрмет деп білемін. 

Қазіргі таңда аудандық ішкі істер бөліміндегі жүзден аса қызметкер ауданның қоғамдық тәртібін сақтау мақсатында жемісті еңбек етуде.

Қай кезде де тұрғындардың қауіпсіздігі басты орында. Ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында соңғы жылдары түрлі шаралар атқарылып, Т.Рысқұлов ауылының халық көп шоғырланатын орталық көшесіне замануи пунктер бой көтеріп, заманауй бағдаршамдар орнатылды. Сондай-ақ ауданның халық көп шоғырланатын көшелеріне соңғы үлгідегі бейнекамералар орнатылуда. Бұл дегеніміз ауданда құқықбұзушылықты азайтуға тікелей септігін тигізеді. 

Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған полиция қызметкерлерінің айбыны арта берсін!

Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілеймін! Мереке құтты болсын!-делінген аудан әкімінің құттықтауында. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды