Жәрмеңкеде азық-түлік қолжетімді бағада сатылуда

10.jpg

Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Ауыл округтерінен жеткен шаруалар өнімдерін тұрғындарға қолжетімді бағада ұсынды. 

Мәселен Қой еті 2000теңге; 

Картоп 180 теңге; 

Сәбіз 350 теңге; 

Болгар бұрышы 120 теңге; 

Пияз 90 теңге;

Жұмыртқа 800-1000  теңге;

5 литр пісте май 3800 теңге; 3 литр 2800 теңге; 

Әсел 1200 теңге; 

Қияр 90 теңге; 

қызанақ 150 теңгеден сатылды. 

Аудан әкімі Бағлан Батыршаев алдағы уақытта орталық алаңда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі сенбі сайын өтетінін мәлімдеді. Мақсат – бағаны тұрақтандыру бойынша ауданда өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің тұрғындарға қолжетімді бағада саудалануын қамтамасыз ету.

Айта кетері, халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деп атапа өткен болатын. Президент Жолдауда  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз етуді, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыруды, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейтуді, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыруды тапсырғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырудағы басты мақсат халықты әрі арзан, әрі сапалы тауарлармен қамтамасыз ету. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды