Тассайдағы жарық мәселесі оң шешімін тапты

Screenshot_14.png

Шымкент қаласы Тассай елді мекенінің тұрғындары осы күнге дейін электр жарығының азабын тартып келіп еді. Жекенің қолына қараған тұрғындар жарықтың сапасыз әрі тарифі қымбат екенін айтып, шағымдарын жеткізген болтын. Бұл мәселені қала әкімі Мұрат Әйтенов жеке бақылауына алып, мәселенің жуық арада оң шешімі табатынын жеткізген еді.

Енді, міне аталған елді мекенде сапалы электр қуатымен қамту мәселесі шешілді.  Қаланы дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес, Тассай елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2019 жылдың  қазан айында басталып, өткен жылдың желтоқсанында аяқталған болатын.

Қазіргі уақытта  Тассай елді мекен тұрғындарының 95 пайызы сапалы электр қуатына қосылды. Бүгінгі күнге дейін олар жеке трансформатордан электр энергиясын тұтынған болатын. Абоненттеу жұмыстары  «Оңтүстік Жарық Транзит»  ЖШС қызметкерлері тарапынан жалғасып жатыр. Сапалы электр жарығына қол жеткізген тұрғындардың қуанышында шек болмады. 

Айта кетейік Тассай елдімекенінің тұрғындары өткен жылы таза ауыз сумен де қамтамасыз етілген. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін су жүйесінің құрылысы мердігер мекеме «Үшсай» тарапынан құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталып, өткен  жылдың соңында аяқталған. Нәтижесінде, Тассайдағы үш мың абонент сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды