Спорт алаңшалары ашылды

Screenshot_13.png

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспарды одан әрі іске асыруды жалғастыруды  және ағымдағы жылы спортпен айналысатын азаматтардың үлесін 33%-ға дейін арттыру жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу қажеттігін атап өтіп,  спорт ғимараттары желісін кеңейтуге және халықтың барлық топтары үшін қолжетімділікті арттыруға ерекше назар аудару керектігін айтқан болатын. 

 Президенттің тапсырмасына орай 19 маусым - қала күніне орай Шымкенттегі Әл-Фараби ауданында демеушілер есебінен салынған екі спорт алаңшасының ашылу салтанаты өтті. 

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала әкімінің бастамасымен қолға алынған жоба аясында жеке кәсіпкер Серік Тульбасовтың қоры демеушілігімен қалада төртінші балалар спорт алаңқайы пайдалануға берілді. 

Шараның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, Серік Тульбасов қорының өкілдері  Алексей  Хегай мен Бауыржан Сералин қатысып, тұрғындарды құттықтады. 

Айта кетейік, осыған дейін Әл-Фараби және Абай аудандарында демеушілер есебінен  4 спорт алаңшасы салынған болатын. Жобаның ерекшелігі алаңшаларды демеушілер салып, тұрғындар өздері қалағанынша пайдаланып, жауапкершілігіне алады. Аллаға жалпы Шымкент қаласында аулаішілік 231 спорт алаңшасы болса, биыл 101 спорт алаңын салу жоспарланып отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды