Көшбасшы зауыт қуаттылығын арттырды

Screenshot_27.png

Шымкентте кәсіп бастаймын дегендерге мүмкіндік көп! Қаншама мемлекеттік бағдарламалар бар, жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінде шаһарда зауыт, фабрика ашам деп ниет білдіргендерді қолдау қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындардың атқарып жатқан жұмысына тоқталып өтейік. Мұндағы «Azala Cotton» кәсіпорыны қазір өзінің өндірістік қуаттылығын арттырған. Аталған өндіріс ошағы қазір жылына 6,5 тонна жіп иіреді. Оның басым бөлігі шетке экспортталуда.Бұның барлығы еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылда жеткен жетістік.

Зауытың аумағы 4,5 гектар. Жобаның жалпы құны 7 млрд теңге.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы құрылған болатын. Алайда 2012 жылы зауыт тоқырауға ұшырап жабылған. Бірақ 2017 жылы қайта бой тіктеп, зауыт өзге кәсіпкерлердің қолына өтіп, бүгінде қарқынды жұмыс істеп келеді.

"Біз дайын мақтадан жіп иіреміз.Ақ алтынды жергілікті Мақтаарал, Түркістан қалаларынан сатып аламыз. Бүгінде кәсіпорында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Зауыттың жылдық қуаттылығы 6,5 мың тонна. Мұндағы заманауи  техникалар  арнайы  Швейцария мемлекетінен тапсырыспен әкелінген",- дейді «Azala Cotton» зауытының директоры Бекет Тұрсынханов.

Айтып өтейік,  бұл фабрика жіп иіру саласы бойынша Қазақстанда көш бастап тұр. Өндірілген тауардың 95%-ы экспортталады. Оның ішінде көрші Ресейге 40%-ы, ал Қытайға 55%-ы жөнелтіледі. Рахия Абдраимова зауыт ашылғалы бері осында қызмет етіп келеді. Жұмысына қатты берілгелі соншалық мұндағы әрбір техниканың тілін жетік меңгерген.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды