«Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті – жастардың өзін-өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қолдау көрсету». Осылай деген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өткен болатын.
Таяуда Шымқала басшысы, “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен бюро отырысы өтті. Саяси кеңесте Шымкент қаласы бойынша 2025 жылға дейінгі “Жастар-Отанға!” бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді.
Бағдарлама жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіру болып табылады. Сонымен қатар жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Отырыста хабарлама жасаған “Jas Otan” Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы – Мағжан Исахов: «Жастар-Отанға!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасының «Жол картасының» аясында жұмыс атқару қажет. Біз алдымызға жастардың өмір сүру сапасын арттыруға, өз қабілетін іске асыру әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін нақты міндеттер қоямыз. Оның жолдары осы бағдарламада нақты белгіленген. Іске асырылуы орталық және аймақтық деңгейлерде келесі шаралар арқылы қамтамасыз етіледі",- деп алдағы жоспарларымен бөлісті.
Айта кетейік, бағдарлама әртүрлі санаттағы жастардың мүддесін қамтиды және әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижелеріне сүйенеді.