Шымкент қаласындағы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде жас түлектерге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты аясында "Жастар практикасына"қатысуға ақпараттық-насихаттау кездесуі өтті.
Аталған кездесуге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының м.у.а Е.Бекмұратов, білім басқармасының орынбасары Г.Нахбаева, жұмыспен қамту орталығының директоры С.Абдуллаев және оқу орны түлектері қатысты.
Жастар практикасы-жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын бағдарлама. Кездесуде жұмыспен қамту басқармасы тарапынан бағдарламаның талаптары мен тиімділігі түсіндіріліп,түлектердің сұрақтарына жауап берілді.
Мамандардың дерегінше жалпы, биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 800-ден астам шымкенттік жас тәжірибеден өтуде.
Бағдарлама талабына сай, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы керек. Және соңғы үш жыл ішінде (2019-2021ж.) жоғарғы оқу орындары мен колледжердің түлектері бір-ақ рет қатыса алады. Былтырғы жылы 3 мыңға жуық жас аталған бағдарламамен жұмыспен қамтылып, оның 536-сы тұрақты жұмысқа орналасқанын айта кетейік.