Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының қызметкерлері Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, полиция қызметінің үш буынды модель жүйесі арқылы қызметін тиімді жүргізуде.
Осы орайда ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығымен ұйымдастырылған «Қылмыстық процестің үш буынды моделін жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқарма бастығының орынбасары полиция полковнигі Өмірбек Бекбердиев қатысты. Дөңгелек үстел зум бағдарламасы арқылы онлайн форматта өтті. Жиында полиция полковнигі Өмірбек Жамалбекұлыүш буынды модельді жүйенің тиімділігін атап өтті. «2021 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде енгізілген Үш буынды модельде полиция, прокурор және сот өкілеттіктері нақты бөлінген. Біріншісі – қылмыстарды анықтаумен, ашумен және дәлелдер жинаумен айналысады. Қудалау органдары қылмыс пен кінәні дәлелдегеннен кейін істі прокурорға жібереді. Ол өз кезегінде, объективті түрде қарайды, дәлелдемелер базасын, баптың дұрыс қолданылғанын тексереді. Түпкілікті үкімді сот шығарады. Бұл азаматтардың құқықтарын сақтаудың өзіндік фильтрі және кепілдіктері. Бұл үш буынды модель азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесі саналады»,- дейді Өмірбек Бекбердиев.
Шара соңында қатысушылар мамандарға сұрақ жолдап, көкейдегі ойларын жеткізді.