33 мың адам жұмыспен қамтылады

Screenshot_19.png

Шағын және орта бизнес, кәсіпкерлік нысандары ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып отырған сала. Кәсіпкерлік тек қана азаматтарға қажетті тауарларды өндіріп қана қоймай, қаншама адамға жұмыс беріп,  жалақымен қамтып отыр. Жұмыс іздеген жандарға екі қолға бір күрек табуға «Жұмыспен қамту жол картасы» айтарлықтай үлес қосуда. Бағдарлама Шымқалада белсенді жүзеге асырылып келеді. Айталық Шымкент қаласында ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалардың аясында жалпы 33 мыңнан астам адамды, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 1,5 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Қала әкімінің айтуынша, осы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы үш бағыт бойынша іске асырылатын болады. Бірінші бағыт бойынша 5,5 млрд. теңгеге 13 нысанның құрылысын жүргізу, екінші бағытта 1,5 млрд. теңгеге микрокредиттер беру, үшінші бағыт бойынша 7,1 млрд. теңгеге бизнес субъектілеріне қолдау көрсету қарастырылған. 

Осы атап өткен бағыттарды нәтижелі жүзеге асырған кезде 6,5 мың адам таза сумен және 17,6 мыңа дам электр жүйелерімен қамтылады, сонымен қатар, 392 жұмыс орны құрылады. Ал екінші бағыт бойынша орташа есеппен 4,2 млн. теңге мөлшерінде 6%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен 357 жобаға берілген жағдайда 757 тұрақты жұмыс орындары құрылады. Сонымен бірге, бюджет кірістеріне кемінде 45 млн. теңге салық түсетін болады деп күтілуде. Бағдарламаның үшінші бағыты аясында 70-ке жуық жобаларды іске асыру және 280 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда екен.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды