Ардагерлер сүйікті басылымына тегін жазыла алады

Screenshot_9.png

Елімізде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігі Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіткен. Аталмыш бағдарламада «Аға буын азаматтарының құқықтарын сақтау және қадір-қасиетін қамтамасыз етумен қатар қариялардың  материалдық жағдайын түзеу де көрсетілген. Осы ретте жоспарға сай Шымкент қаласында қазынамыз қарияларға әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді. Мұндай қызметтерді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы үйлестіріп отыр. Яғни басқарманың басты бағыттарының бірі ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады. Осы орайда 80 жастан асқан жалғыз басты қарттарға ай сайын 2 АЕК яғни, 5834 теңгеден әлеуметтік төлемдер жүргізіліп келеді. Одан бөлек, мерекелік күндерге орай бір реттік төлемдер есеп шоттарына аударылады. Жалпы қала бойынша қазіргі таңда 80 жастан асқан 125 жалғызілікті қария бар. 

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қалалық мәслихаттың шешімімен ардагерлер сүйікті республикалық,облыстық және қалалық басылымдарға да тегін жазыла алады. Басқарма тарапынан жыл сайын басылымдарға тегін жазылатын ардагерлер санын көбейту көзделген. Газет, журналдарға тегін жазылу ардагерлер кеңесінің берген тізіміне сәйкес беріледі. Биыл Шымкентте 2500- ге жуық қарияны басылымдарға тегін жаздыру қарастырылған. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды