Іскер әйелдер ұсыныс-пікірлерін айтты

18.jpg

«Қазақстан 2050» Стратегиясында Елбасы Н.Назарбаев:

- Біз бұдан әрі де елімізде әйелдердің рөлі артуы үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз. Қазіргі замандағы қазақстандық әйел қызмет істеуге ұмтылуы керек. Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деңгейдегі өңірлерде. Олардың бизнес ашып, оны жүргізуіне де қолайлы жағдай жасаған абзал,-деген болатын.

Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі Гүлжан Мамытқызының төрағалығымен қаламыздағы белсенді және іскер әйелдердің қатысуымен кездесу жиыны өтті. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиында шаһар басшысы Г.Құрманбекова қала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, аналарға алдағы атқарылатын жоспарларды таныстырып, игілікті істерге жұмыла кірісуге шақырды. 

Қаламыздың белсенді және іскер әйелдері қала әкімінің аз уақытта атқарған ауқымды істерін, атап айтқанда «Ардагерлер орталығы», «Неке сарайының» ашылуы, қала тазалығының жаңа деңгейге көтерілуі сынды атқарылған жұмыстарына және әлеуметтік өзекті мәселелерге тоқталып, ұсыныс-пікірлерін айтты. 

Аналардың көтерген мәселелеріне жеке-жеке тоқталған шаһар басшысы қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевқа тапсырмалар беріп, жиында көтерілген мәселелер бойынша хаттама жасалды. Өзекті мәселелер заң шеңберінде оң шешуге тапсырылып, орындалуы бақылауға алынды. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды