Бірінші кезекте инфрақұрылым

188312259_805203170413445_7975085394385858243_n.jpg

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет». Халыққа арнаған Жолдауында президент қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігі орнықпаса және аза¬мат¬тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір¬де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайтынын атап өткен болатын. 

Жетісай  аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында жоспарға сәйкес аудан әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қоғамдық қабылдауға әкім орынбасары, бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар ауыз су, жәрдемақы, жол, тұрғын үй мәселелері бойынша өтініштерін айтып келді. Солардың бірнешеуіне тоқталып өтсек. Жаңа ауыл ауылдық округі «Қараой» елдімекенінің тұрғындары, ауыз су, жол, табиғи газ тарту мәселелері бойынша шағымдарын жеткізіп, шешіп беруін сұрады. Өз кезегінде Мұрат Болатұлы ауыз су мен жол салуды қолға алып шешіп беретінін, ауылға газ тарту бойынша биыл құрылысы жұмыстары басталатынын жеткізді. Қазыбек би а/о, Жамбыл елдімекенінің тұрғындары, жол, жарықтандыру, көшедегі электр бағаналарын ауыстыру бойынша арыз-шағымдарын жеткізді. Шағымда көрсетілген ауылдың ішкі жолдары жоспарға сәйкес 2022 жылы салынатынын, ал электр бағаналарын 10 күннің ішінде ауыстырып беруді жауапты бөлімдерге тапсырды. Келесі атаулы әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй кезегіне тұрып үй алу, ақылы қоғамдық жұмысқа орналасу сынды сұрақтарға заң аясында кеңестер беріп, оң шешілуіне ықпал жасайтыныны жөнінде түсіндіру жұмыстарын жасады. Өз кезегінде аудан әкімі қазіргіт таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып тұрған ауыз су бойынша «Бізге бірінші кезекте инфрақұрылымдарды жолға қойып алуымыз керек. Азаматтарды таза ауыз су мен қамтамасыз етуді жеделдете отырып шешуге тиіспіз. Таза ауыз су арқылы біздер қаншама тұрғындардың денсаулығын жақсартып қана қоймай, сол арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыра аламыз» деді. 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды