Газ толтыру компрессорлық станциясы ашылды

Screenshot_21.png

Еліміздің үшінші мегаполисі қазіргі таңда инвестор тартудан алдына жан салмай тұр. Тарихы терең әрі жыл санап көктемгі гүлдей құлпырып келе жатқан шаһарға инвестиция құйғысы келетін қалталы азаматтар, яғни инвесторлар көбеюде. Жақында инвестордың көмегімен қалада тағы бір жоба қолдау тауып, жұмысын бастады. Ол метан газын толтыратын компрессорлық станция.  Жаңа бекеттің ашылуына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов жобаны жүзеге асырған отандық инвестор «АГНКС Қазақстан» ЖШС-не алғысын білдірді.

Өндірістік компрессордың қуаты сағатына 2400 текше метрді құрайды, бұл күн сайын 200 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жобаға тартылған инвестиция көлемі бір  миллиард теңгеден асады. Жаңа 18 жұмыс орны ашылды. Құрылыс барысында 80 адам жұмыспен қамтылған болатын. Қазіргі уақытта жанармай құю станциясында үш қызмет көрсету бағаны жəне 6 жанармай құю орны бар. Олардың санын бес  бағанға дейін арттыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, қалада тағы бір компрессорды іске қосу жоспарлануда, бұл  қуаттылықты сағатына 3600 текше метрге дейін арттыруға жəне күн сайын 300 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін болады. Айта кетейік, қалаға мұндай станциялар ауадай қажет. Өйткені Шымкенттегі жаңадан әкелінген қоғамдық көліктер газбен жүреді. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды