2021 жылы 1880 отбасы баспаналы болады

Screenshot_22.png

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қонаев даңғылы жалғасының І және ІІІ кезең жұмыстарының құрылысымен танысты. Құрылыстың қарқынды жүруі үшін шаһар басшысы әр екі аптада бір рет жұмыс барысын осылай пысықтап отырады.

Қонаев даңғылы жалғасының бірінші кезеңінің құрылыс жұмыстары 90 пайызға орындалып отыр. Яғни, жалпы ұзындығы 580 м болатын нысанның қазіргі таңда жол жамылғысымен бірге 400 метр жұмыстары аяқталған. Құрылыс белдеуінде тұрған 2 жеке меншік үйлерді мемлекет мұтажына алған жағдайда қалған 180 м құрылыс жұмыстрын аяқтау осы жылдың маусым айына жоспарлануда. Қазіргі уақытта, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізілуде. Темір жол астынан өтетін жол өткелінің қазу жұмыстарын жалғастыру үшін Терешкова көшесінен темір жолға дейінгі нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет.Стратегиялық маңызды нысан құрылысын аралап көрген қала әкімі бір күн де жоғалтпай жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, қала әкімі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен құрылыстың сапасын бақылау мақсатында Тұран шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тұран шағын ауданында 88 үйдің құрылысы жоспарланған.  Жалпы пәтер саны 5576. Оның ішінде, 2020 жылы 27 үй пайдалануға берілген. Ал, биыл қалған 61 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Пәтер саны 3848. Бүгінде 37 үйдің құрылысы жүргізіліп жатса, 24 үйдің құрылысы енді басталады. Жыл қорытындысымен 108 мың шаршы метр болатын 29 үй пайдалануға беріледі. Осылайша тағы 1880 отбасы баспаналы болады. Қалған 32 үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі. Мұрат Дүйсенбекұлы жұмыс сапасына ерекше мән бере отырып құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды