Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық дамыту саласына енген жаңа реформалары бойынша бейне-конфернц байланыс тәсілімен семинар–кеңес өткізілді. Іс шараға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ-ның төрағасы Нұрбек Серіков, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ-ның департаментінің басшысы Марғұлан Жеңісұлы қатысты. Спикерлер үшінші мегаполистің тұрғындарына жаңадан енген келесі реформалар бойынша және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы жайлы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Атап айтқанда мамандар "Бір үй - бір бірлестік-бір шот" қағидаты бойынша "мүлік иелерінің бірлестігі" коммерциялық емес ұйымның жаңа нысанын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеу бойынша; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу; басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру және үй-жайлардың меншік иелері тарапынан кондоминиум объектілерін басқару органына бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үй құқықтық қатынастары субъектілерінің арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту туралы презентация жасады.
Жиын соңында басшылар онлайн қатысушылар тарапынан жолданған сауалдарға тұщымды жауап берді.