12 жеделсаты ауыстырылды

Screenshot_7.png

Өткен жылы Шымкент қаласында  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 12 жеделсаты  ауыстырылып, комис­сиялық сынақ жүргізіліп, тіркеуге алынған. Бұл туралы  Қала­лық орта сапасы және бақылау бас­қармасының басшысы Ғалымжан Өтен­баев мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша бүгінгі таңда басқарма тарапынан жүргізіл­ген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 2016-2020 жылдар аралығында пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлерге қызмет көр­се­тетін 66 лифтінің жүк көтергіш ме­ханизм­дерді пайдалану кезіндегі өнер­кәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары сақталмай жұмыс істеп жатқаны белгілі болған. 

«Осы тұста айта кеткім келіп отыр, бас­қарма қала аумағындағы лифтілерді, эскалаторларды және траволаторларға түгендеу жұмыстарын жүргізеді. Кез келген мекемеге, тұрғын үйге лифт орнатыларда бізге тіркелуі тиіс. Қазір қалада 548 лифт бар. Тұрғын үйлерде орнатылған 401 лифттің 397-ы жұмыс істеп тұр. 26 лифттің пайдалану мерзімі ұзартылды. Ша­һарымыз­­да  1990 жылға дейін орнатылған 53 лифт бар екен. Иә, ескірсе де жұмыс істеп тұрғандықтан былтыр оның 12-сінің мерзімін ұзартып бердік. Лифт жыл сайын сынақтан өтуі тиіс»,- деген басқарма басшысы жеделсатылардың жаңаруына   «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарапаты тиіп отырғанын тілге тиек етті. Көпқабатты үйлер мен ғимараттардағы жеделсатыларды жаңарту, орнату жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды