«Дамудың» дамытқан жобасы көп

Screenshot_25.png

Былтыр сәуірде «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына бірнеше өзгерістер енгізілген болатын. Мысалы үшін несие мөлшерлемесі 6%-ға төмендетілді, субсидиялауға жататын несие көлемі 7 млрд теңгеге дейін артты. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге аталған бағдарламаға қатысуға мүмкіндік ашқан. Соның нәтижесінде экономиканың әртүрлі секторында қызмет көрсететін шағын және орта бизнес пен өңдеу өнеркәсібінде табыс тауып жатқан ірі кәсіпорындар қаржылай қолдауға ие болуда. Олардың арасында шымкенттік кәсіпорындар да бар. Бағдарламаның шарапатын сездіруге "Даму" қорының қосып отырған үлесі зор.

«Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте жалпы сомасы 26,8 млрд.теңгеге 144 жаңа келісімшартты субсидиялауға қол қойылды. 2019 жылмен салыстырғанда жобалар санының динамикасы 228% өскен. Алдыңғы жылы 63 қана жоба болған. Салаларға бөлсек ең үлкен үлесті сауда, өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету салалары құрайды. Сонымен бірге былтыр жоғарыда аталған бағдарлама нәтижесінде 7,8 млрд.теңгеге 245 жаңа кепілдендіру шартына қол қойылды. Бұл жерде де сан жағынан 2019 жылмен салыстырғанда өсу динамикасы анағұрлым жоғарылағаны байқалады, - дейді  Шымкент қаласындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бөлім басшысы Сабыржан Исақов.

«Даму» Қорының міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті сапа тұрғысынан дамыту және оған жан-жақты қолдау көрсету. Қор аймақтар мен жекелеген салаларға арналған мақсатты бағдарламалар аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіреді, микроқаржы ұйымдары арқылы кредит алуға көмектеседі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды