Ордабасыда жылыжай шаруашылығы дамып келеді


 21..jpg

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен жергілікті әкімдерге ауыл шаруашылығына қатысты бірқатар тапсырамалар берген болатын. Соның ішінде  миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру көзделіп отыр. Осы мақсатта Түркістан облысы Ордабасы ауданында біршама оң жұмыстар атқарылуда.   

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен жуырда аталған ауданда болып, бірқатар нысандарды аралады. Облыс әкімі экспортпен айналысатын жылыжайда болды. Екі гектарға қызанақ, қияр өсірумен айналысатын азаматтар облыстың ғана емес, республикасының бірқатар қалаларын қамтиды. Ордабасы ауданында жылыжайдың жалпы аумағы 87 гектарды құрайды, оның 21 гектары өндірістік жылыжай. 66 гектары фермерлік. Шұбарсу ауылында былтыр 15 гектар жылыжай аумағы құрылып, өтініш берген азаматтарға үлестірілді. Биыл жылыжай көлемін тағы 20 гектарға арттыру көзделуде. Өткен жылы осы жылыжайларда 10 мың тоннаға жуық өнім өндірілген.

Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков облыс басшысын Боралдай су қоймасының жобасымен таныстырды. Суғармалы жердің көлемін ұлғайту, ағын су мәселесін шешу мақсатында Ордабасы ауданында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Аудан аумағында жалпы ұзындығы 800 шақырымнан асатын 87 канал бар. Оның 215 шақырымы өткен жылы канал механикалық тазалаудан өтті. Жұмыстар жалғасуда. Нәтижесінде егістік алқаптардың суғарылуы жақсарды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды